Илон Маск Түркияға қол ұшын беруге дайын

754

Алайда Түрік билігі Starlink жүйесін қолдануға рұқсат бермеді. 

Илон Маск Түркияға  қол ұшын беруге дайын Фото: APA.AZ

Америкалық кәсіпкер Илон Маск Starlink терминалдарын Түркияға жіберу мүмкіндігі туралы Twitter-де қойылған сұраққа жауап берерде айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Түркия мен көрші елдерде жойқын жер сілкінісі болды. Байланыс мәселеге айналды. Starlink спутниктерін жіберу арқылы көмек көрсетуіңіз мүмкін бе?", - деп сұрақ қойды Мехмет Эмин Адин.

Миллиардер компанияның көмектесуге дайын екенін айтты, бірақ әзірге Starlink қолданысын Түркия билігі мақұлдамаған.

"Starlink-ті қолдануға Түркия әлі рұқсат берген жоқ. Мақұлданған жағдайда SpaceX дереу Starlink терминалдарын жеткізуге дайын", - деді Илон Маск.

Бүгін таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында Сирия шекарасына жақын жерде үлкен жер сілкінісі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 10 қала зардап шекті, 300-ден астам адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу