Илон Маск Twitter-дің жаңа миссиясын атады

720

Twitter әлем бойынша шынайы ақпарат көзіне айналмақ.  

Илон Маск Twitter-дің жаңа миссиясын атады Фото: google

Twitter-дің жаңа иесі, американдық миллиардер Илон Маск болашақта әлеуметтік желінің басты миссиясын атады, деп хабарлайды inbusiness.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

"Twitter әлем бойынша ең шынайы ақпарат көзі болуы керек", - деп жазды Илон Маск өзінің Twitter-дегі аккаунтында.

Маск бұл Twitter миссиясы екенін атап өтті.

Бұған дейін Германияның социал-демократиялық партиясының (ГСДП) өкілдері Илон Маск компанияны сатып ала салысымен Twitter-ді бақылауды күшейтуге шақырған болатын.

Маск Twitter-ді сатып алу туралы келісімді 27 қазанда аяқтағанын еске саламыз https://inbusiness.kz/kz/last/ilon-mask-twitter-basshysy-boldy  28 қазанда кәсіпкердің компанияның бұрынғы басшылығын жұмыстан шығарғаны белгілі болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу