Илон Маск Twitter-ге қарсы сотта жеңіске жетті

684

Сәуір айының соңында Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алатынын жариялаған еді.

Илон Маск Twitter-ге қарсы сотта жеңіске жетті

Америкалық миллиардер Илон Маск Twitter әлеуметтік желісіне қарсы сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осылайша, компания кәсіпкерге әлеуметтік желіні сатып алу туралы келісім жасау кезінде сұралған спам-аккаунттар мен бот-аккаунттар бойынша файлдарды бұрынғы бас менеджерден алуға тиіс.

Twitter бірқатар ақпаратты миллиардерге жібере бастады. Масктың адвокаттары осы аптада компанияға қарсы тағы бір сот ісін қозғады.

Бұл арыз бойынша, кәсіпкер әлеуметтік желінің пайдаланушылары туралы деректерді, оларды жинау және талдау әдістері туралы көбірек ақпарат берілгенін талап етпек.

Еске сала кетсек, сәуір айының соңында Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алатынын жариялады. Келісім жылдың соңына дейін аяқталуы керек еді, бірақ 9 шілдеде кәсіпкер одан бас тартты.

Twitter басшылығы болса, келісімді аяқтау үшін миллиардерді сотқа берген болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу