Америкалық бизнесмен әрі миллиардер Илон Маск өзінің Twitter әлеуметтік желісін ребрендинг жасау жоспарын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Twitter қолданушыларының бірі "әлеуметтік желінің қазіргі атауы мен көк түсті құс логотипін Х әрпімен ауысуы мүмкін" деген хабарламасына Маск жауап ретінде мұның "рас" екенін жеткізді.
Бұған дейін Масктың Флорида губернаторы, АҚШ президенттігіне кандидат Рон ДеСантистің қатысуымен Spaces режиміндегі онлайн-трансляция кезінде әлеуметтік желіде көптеген ақаулар орын алған. Бұл бизнесменнің шамына тисе керек, себебі осыдан кейін желінің ребрендингі туралы ақпараттар тарай бастады.
Дереккөздердің хабарлауынша, Масктың әлеуметтік желідегі ақауларға көңілі толмайды.