Америкалық Tesla компаниясы Техас штатының Уэйко қаласында өткен арнайы шоуда жаңа буындағы ұшатын Roadster электромобилін көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Roadster көрсетілім кезінде басқа көліктер үстінен ұшып өткен. Сондай-ақ электромобиль түрлі трюктар жасады. Илон Маск бұл көліктің нағыз зымыран сияқты басқарылатынын атап өтті.
Жүйе көлікке аспанға көтерілуге, аз биіктікте қалықтап тұруға мүмкіндік береді. Электромобильге ұшу және қону кезінде қысым күшін тудыру үшін арнайы жүйе орнатылған.
Маск суперкарды өндіріске шығару 2028 жылға жоспарланғанын айтты. Демонстрация кезінде көлік салонында ешкім болмаған. Tesla иесі мұны қауіпсіздік шараларымен байланыстырды. Сонымен қатар электромобильдің ұзақ қашықтыққа ұшқаны көпшілікке көрсетілмеді.
