Илон Маск жасанды интеллект аудармашыларды ығыстырады деген пікірде

1442

Ресейде "Жаңа білім" марафоны өтіп жатыр.

Илон Маск жасанды интеллект аудармашыларды ығыстырады деген пікірде Фото: reuters.com

Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск Ресейде өтіп жатқан "Жаңа білім" деп аталатын марафон кезінде жасанды интеллект келешекте аудармашыларды ығыстырады деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Жасанды интеллектке қатысы бар аударма саласындағы прогресс қазір таңқаларлық деңгейде. Технология жетілдіріліп жатыр. Келешекте аудармашылар қажет болмай қалады деп есептеймін", – деді Маск.

"Жаңа білім" марафоны 20-22 мамырда Ресейдің сегіз қаласында, соның ішінде Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында өтеді. Онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған бұл жиында белгілі ғалымдар, билік пен бизнес өкілдері, мәдениет қайраткерлері,спортшылар сөз сөйлейді. Марафонға 5 миллионнан астам адам қатыспақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу