Twitter осы жылдың шілдесінде Маскты өз міндеттемелерін орындамады деп сотқа жүгінген еді. Сәуір айында Маск әлеуметтік желіні 44 млрд долларға сатып алуды ұсыныс жасаған. Бірақ шілденің басында заңгерлер компанияны Twitter жалған профильдер туралы сенімді ақпарат бермегендіктен. сатып алудан бас тартқанын жеткізді.
Bloomberg ақпаратына сәйкес, қайта басталған келісім алдағы аптада мақұлдануы мүмкін. Бұл жаңалық жарияланғаннан кейін Twitter акциялары бірден 18%-ға қымбаттап, содан кейін сауда тоқтатылды.
Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск - Твиттер желісінің тұрақты қолданушысы. Әлеуметтік желіде 107 млн-нан аса оқырманы бар америкалық кәсіпкер қандай мәлімдеме жасаса да, ғаламторға бірден таралып кетеді.