Илон Масктың байлығы 9,9 млрд долларға артты

920

Tesla акциялары қымбаттап жатыр. 

Илон Масктың байлығы 9,9 млрд долларға артты

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаған америкалық кәсіпкер Илон Масктың байлығы шамамен он миллиард долларға артты, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, Маск 9,9 млрд долларға байи түскен. Өтйкені соңғы уақытта Tesla акциялары қымбаттауда.  

Өткен аптада Tesla акцияларының бағасы 7,8%-ға өсіп, бірақ 25 маусымда1,17%-ға түскен еді. Сарапшылар құнды қағаздар бағасының көтерілуіне нарықтағы ахуал түрткі болып отыр деген пікірде.  

Қазіргі уақытта әлемдегі ең бай адамдар тізімінде Amazon басшысы Джефф Безос көш бастап тұр, оның байлығының көлемі – 177 миллиард доллар. Екінші орында – Илон Мас (151 млрд доллар). Одан кейінгі орында –  LVMH сән үйінің басшысы Бернар Арно (150 млрд доллар).

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу