Илон Масктың компаниясы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағын салмақ

287

Жаңа нысанның құны 100 млрд долларға бағаланып отыр.  

Илон Масктың компаниясы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағын салмақ Фото: spacedaily.com

Америкалық кәсіпкер Илон Масктың SpaceX компаниясы АҚШ-тың Луизиана штатында құны 100 миллиард долларға жуықтайтын жаңа алып космодром салмақшы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап. 

Мексика шығанағының жағалауында бой көтеретін нысан SpaceX-тің ең басты ұшыру кешені әрі әлемдегі ең үлкен ғарыш айлағы болмақ.

Жоба аясында ғарыш айлағында бес ірі ұшыру кешені бой көтеріп, олардың әрқайсысы екі алаңмен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстары 2027 жылы басталады. Ал 2029 жылы алғашқы Starship зымырандарын үшыру жоспарланып отыр. Болашақта бұл кешенде жылына мыңдаған зымыран ұшырылуы мүмкін.

Қазір Илон Масктың компаниясының негізгі ұшыру орталығы Техас штатында орналасқан. SpaceX көп реттік зымырандар арқылы Ай мен Марсқа тұрақты сапарлар ұйымдастыруды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу