Илон Масктың "шектен шыққан" әрекетіне қарсы шағым түсті

АҚШ-тың жаңадан құрылған үкіметтік тиімділік департаментін (DOGE) басқаратын америкалық миллиардер бұған дейінгі іс-әрекетін тағы қайталады. 

Илон Масктың "шектен шыққан" әрекетіне қарсы шағым түсті Фото: Газета.Ру

Бұл туралы DW ақпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ федералды үкіметінің екі миллионнан астам қызметкері DOGE-дан соңғы жетідегі жұмыста жеткен бес жетістігін 48 сағатта жазуды талап еткен хат алған.

Мерзім аяқталған уақытта Маск Х әлеуметтік желісінде "Президент оларға тағы бір мүмкіндік беруі мүмкін. Егер олар екінші рет жауап бермесе, жұмыстан шығарылады" деп жазды.

– Масктың талабы көптеген ведомствода, атап айтқанда ФТБ, Мемлекеттік департаментте және Пентагонда наразылық тудырды, – деп атап өтті AP агенттігі.

Аталған ведомстволардың қызметкерлеріне DOGE хаттарына жауап бермеу туралы бұйрық түскен. Мемлекеттік қызметкерлердің адвокаттары тіпті Калифорниядағы федералды сотқа Масктың әрекетіне қарсы шағым түсіріп отыр.

Бұған дейін Трамп Маскты DOGE жұмысын жандандыруға шақырған еді.

– Илон керемет жұмыс істейді. Бірақ мен оның агрессивті әрекет ете бастағанын қалаймын. Есіңізде болсын, біз елімізді сақтап қалып, содан кейін оны бұрынғыдан да гүлдендіруіміз керек, – деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу