Tesla және SpaceX топ-менеджерлері осы компаниялардың бас директоры Илон Масктың есірткі қолданып жүргеніне алаңдап отыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты The Wall Street Journal (WSJ) басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Тыйым салынған заттарды пайдалану SpaceX-тің үкіметпен миллиардтаған долларлық келісімшарттарына қауіп төндіруі мүмкін", - деп түсіндірді басылым.
АҚШ ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) бұл фирманың қызметін бірнеше рет қолданған.
Дегенмен, Илон Маск The Wall Street Journal (WSJ) басылымының сауалына жауап қайтарған жоқ.
"SpaceX-те есірткі сынақтарынан үнемі және кездейсоқ түрде өтіп тұрады. Бірде-бір рет өтпей қалмаған", - деді оның адвокаты Алекс Спиро.
Сондай-ақ, басылымның хабарлауынша, Маск өз компаниялары құнының ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан, оның әрекеттері инвесторлардың 1 трлн долларлық активтеріне, ондаған мың жұмыс орындарына және АҚШ ғарыш бағдарламасының маңызды бөлігіне қауіп төндіруі ықтимал.
"Ғаламшардағы ең бай адам жекеменшік ойын-сауық кештерінде ЛСД, кокаин, экстази және галлюциногенді саңырауқұлақтарды пайдаланады. Ал бұл кешке қатысушылар ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойып немесе шараға кірер алдында телефондарын тапсырады", - деп атап өтті басылымның дереккөздері.