Илон Масктың жолы болмай қойды

235

SpaceX корпорациясы маңызды ақпарат таратты. 

Илон Масктың жолы болмай қойды Фото: РИА Новости

Илон Масктың SpaceX ғарыш компаниясына тиесілі Starship зымыраны Техастағы Starbase ғарыш айлағында өткен сынақ кезінде жарылып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы 19 маусым күні SpaceX корпорациясының өкілдері X желісінде мәлім етті.

"Сәрсенбі күні, орталық уақыт белдеуі бойынша сағат 23:00 шамасында ұшуға дайындалып жатқан Starship зымыраны Starbase сынақ алаңында тұрған жерінде апатты жағдаймен бетпе-бет келді", – делінген мәлімдемеде.

Компанияның хабарлауынша, ешбір қызметкер зардап шекпеген. 

"Жақын маңдағы елді мекен тұрғындарына қауіп жоқ. Қауіпсіздік шаралары жалғасып жатқандықтан, адамдардан ғарыш айлағына жақындамауын сұраймыз", – деп хабарлады компания.

The Verge басылымының жазуынша, жарылыс жерүсті қозғалтқыштарын тексеру сынағы кезінде болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу