16 қыркүйек күні Тайландтың Паттая қаласында ауыр атлетикадан 85-ші әлем чемпионатының шымылдығы түріледі.
Осы орайда, Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі әлем біріншілігіне қатысатын спортшылар тізімін атады деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстаннан екі спортшы бақ сынайды. Олар – Зүлфия Чиншанло (55 келі) және Екатерина Быкова (71 келі).
Қазақстан ерлер командасының тізімі төмендегідей:
55 келі: Арли Чонтей, Игорь Сон
89 келі: Денис Уланов
81 келі: Нихат Рахымов, Айдар Қазов
96 келі: Илья Ильин
109 келі: Ибрагим Берсанов
Паттаядағы әлем чемпионаты Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің санатына жатады. 27 қыркүйек күні мәресіне жететін жарыста ерлер мен әйелдер тоғыз медаль жиынтығын сарапқа салады.