Илья Ильин Ауыр атлетика федерациясын басқаруға ниетті екендігін айтты

546

17 наурызда Қазақстан Республикасы ауыр атлетика федерациясының жаңа басшысы сайланады.  

Илья Ильин Ауыр атлетика федерациясын басқаруға ниетті екендігін айтты Фото: zakon.kz

Бұл лауазымға үміткер ретінде қатысуға танымал отандық спортшы Илья Ильин ниетті. Бұл туралы ол бүгінгі баспасөз мәслихатында хабарлады.

Илья Ильин қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы мүмкіндіктерін ескере отырып, еліміздегі ауыр атлетиканың дамуы туралы өз көзқарасын білдірді.

Ауыр атлеттің сөзінше, федерацияның басты міндеттерінің біріне 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарында 2 алтын медаль алу жатады.

Илья Ильин федерацияны дамытудың стратегиялық жоспарын әзірледі. Құжат жастардың спорттық дайындығы сапасын түбегейлі жақсарту, спортшыларға арналған заманауи залдар салу, федерация бюджетін ұлғайту, федерацияның аймақтардағы филиалдары, ашықтық пен жариялылық, допингпен күрес және т.б. секілді бағыттарды қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу