Илья Ильин маңызды сын алдында түрін де, салмақ дәрежесін де өзгертті

1575

Ауыр атлетикадан Жапонияда өтетін Test event Токио-2020 халықаралық турниріне елімізден үш зілтемірші қатысады.

Илья Ильин маңызды сын алдында түрін де, салмақ дәрежесін де өзгертті Фото: әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан

6-7 шілде күндері Жапонияның астанасында ауыр атлетикадан Test event Токио-2020 айдарымен халықаралық турнир өтеді. Бұл сында Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынады. Қазақ елі маңызды сайысқа үш зілтеміршімізді үкілеп қосады.

Атап айтқанда, Токио төрінде Қазақ елі намысын Лариса Кобелева (87 келі), Ибрагим Берсанов (109 келі) және Илья Ильин (109 келі) сынды зілтеміршілеріміз қорғайды. Үшеуі де жексенбі күні бақ сынауы керек. Осыған орай, соңғысы Инстаграмдағы жеке парақшасына өз ойын жариялапты:

"Міне, Токиода өтетін келесі сайысыма сапар шегетін уақыт келді. Дайындық жақсы өтті, мен жұлқа көтеруде 170, ал серпе көтеруде 200 келі еңсеруге әзірмін. Қалай боларын көреміз! Бұл жолы мен өз салмағымда бақ сынамаймын. Өйткені, бұл турнирге менің салмағым енгізілмеген. Міне, осындай ерекшелігі бар, бұл турнирдің. Қысқасы, маған сәттілік тілеңіздер, 6 мүмкіндігімді де сәтті аяқтауға жазсын. Орын, өкінішке қарай, бұл қазір маңызды емес, маңыздысы – нәтиже!",­ – деп жазыпты спортшы.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу