Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло әлем чемпионатына қатысады

795

Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло әлем чемпионатына қатысады

Қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло қараша айының соңы мен желтоқсаны айының басында өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. Бұл Қазақстан ауыр атлетика федерациясының кеңесшісі Алексей Ни айтты, деп хабарлайды Vesti.kz
"Команда маусымға дайындық үстінде. Ашхабадта өтетін лицензиялық әлем чемпионатына қатысатынымыз рас. Тамыз айында Азия ойындарына да қатысқымыз келеді. Бірақ құраманың шеттетілу мерзімі 19 қазанда аяқталады. Әйтсе де келіссөздер жүргізілуде. Азия ойындарына қатысуға да үміт бар. 2-3 айда команда 80 % бабына келіп үлгереді. Азия ойындары кезінде нағыз бабында болады. Егер қатыспасақ, әлем чемпионатына дайындығымызды жалғай түсеміз", - дейді ұлттық құраманың дайындығы туралы Алексей Ни.

Сондай-ақ ол Рио Олимпиадасында жүлде алған және қатысқан спортшылармен қатар Илья Ильин мен Зульфия Чиншанлоның да дайындық үстінде екенін айтты.

"Шеттетілу мерзімдері аяқталып келеді. Олар жеке дайындалуда. Шеттетілу уақыты аяқталысымен, ұлттық құрамаға қосылып, Ашхабадтағы әлем чемпионатына бірге дайындалады", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу