"Мен екі жылдан бері кәсіпқой спортшы емес, спорт менеджері ретінде жұмыс істеп келемін. Екі жыл бойы мен командадағы көптеген мәселелерді сараладым. Бір жылдан бері түсініксіз күйде жүрміз. Ауыр атлетика федерациясының президентін таба алмай келеміз. Бір жарым жыл бұрын мен менеджер болып кірген кезде жаттықтырушылармен сөйлескем, бізде көптеген мәселелерді талқыладық. Бір спортшының өз өзіне қол салғанын білесіздер… Осы тұста психологтар керек екенін айттым. Өңірлерді аралап, бапкерлермен сөйлесіп, елдегі спорттың деңгейін түсірмеу жолдарын іздеуге тура келді", - деді Ильин.
Спортшы ауыр атлетика еліміздегі ең көп медаль иеленген спорт түрлерінің бірі екенін айтып, оны барынша дамытуға шақырды.
"Мен қазір әріптестеріме, басшылыққа, Алтай Көлгіновке және Асхат Ораловқа өтініш білдіремін, бір шешім қабылдаңыздар. Мен жетілдім, командаммен бірге федерация жұмысын өз қолыма алуға дайынмын. Иә, менде көп ақша жоқ, мен бай адам емеспін, бірақ мен бұл спорттың қыр-сырын білемін. Қолдау білдіріп, нақты тапсырмалар беріңіздер", – деді ауыр атлет.
Бұл ұсынысқа қатысты Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәселені Ильинмен бөлек талқылауға дайын екенін жеткізді.