Илья Варламов пен Павел Чиков шетел агенті деп танылды

549

Ресейдің Әділет министрлігі "шетелдік агенттер" тізілімі толықтырылғанын хабарлады.  

Илья Варламов пен Павел Чиков шетел агенті деп танылды Фото: ТАСС

Аталмыш тізімге бес адам енгізілді, олардың арасында құқық қорғаушы Павел Чиков пен блогер Илья Варламов бар, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ресей Федерациясы Әділет министрлігінің мәліметінше, Илья Варламов "мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдер мен олардың саясаты туралы жалған ақпарат таратып, шетелдік көздерден қолдау алған".

Чиков - "Агора" құқық қорғау қауымдастығын басқаратын заңгер. Өткен қыркүйекте жұмылдыру жарияланғаннан кейін ұйым соғысқа шақырту алғандарға көмек беру үшін "сенім телефонын" құрды. "Агора" заңгерлері жұмылдыру туралы заңсыз шешімдерге және әскери әрекеттерге байланысты билік жасаған басқа да заң бұзушылықтарға қарсы тұруға көмектеседі.

Илья Варламов - әлемнің қалаларына саяхаттап, инфрақұрылымына баға беретін танымал блогер, оның YouTube арнасында 4 миллионнан астам жазылушысы бар. Мысалы, ол Қазақстанға бірнеше рет келген. 2018 жылы Алматыға келіп, қала құрылысы саласында жүргізіліп жатқан реформаларға баға берді. 2021 жылдың 6 қазанында блогер Түркістанға барып, Керуен-Сарай кешенінің туристік нысандарына баға берді.

Блогердің өзі мұндай тізімге енгізілгенін жақсылықтың нышаны емес екенін айтып, шетел агенттері туралы заңды айыптады.

"Шетел агенттіктері туралы заң репрессивті екені бірнеше рет айтылды, бірақ тағы айтам, ол өміріңді және кез келген қоғамдық қызметті қиындататын заң. Менің, командамның да жұмысы қиындай түспек. Бұрынғыша жұмыс істей алмаймыз", - деді Илья Варламов.

Тізімде блогер Варламовтан басқа қоғам қайраткері Светлана Лада-Русь (Пеунова), Қазандық саясаттанушы Руслан Айсин, "Дождь" телеарнасының экс-журналисті Богдан Бакалейко және ЛГБТ қатынастарын насихаттаған "Парни плюс/Парни+" бірлестігі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу