Имамдар 500-ден астам отбасыны ажырасудан сақтап қалды

175

2025 жыл "Ислам және отбасы құндылығы" жылы деп жарияланды. 

Имамдар 500-ден астам отбасыны ажырасудан сақтап қалды Фото: www.muftyat.kz

Өткен жылы имамдар 500-ден астам отбасыны ажырасудан сақтап қалуға оң ықпал етті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елордада ҚМДБ-ның орталық аппарат жиналысы өтті.

Жиынға Діни басқарма қызметкерлері қатысты. Бас мүфти "Ислам және отбасы құндылығы" жылына орай ұйымдастырылатын іс-шараларға тоқталып, жұмыс жоспарымен танысты.

"Биыл діни қызмет аясында "Ислам және отбасы құндылығы" жылы деп жариялағанымызды білесіздер. Осы орайда дін қызметкерлері отбасы құндылығын ел арасында дәріптеп, жас отбасыларға бала тәрбиесі, жанұя бақыты жөнінде көбірек насихаттау керек. Өткен жылы имамдарымыз 500-ден астам отбасыны ажырасудан сақтап қалуға оң ықпал етті. Биыл да мұндай жұмыстарды тоқтатпауымыз керек", - деді Бас мүфти.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу