Имамдар алғаш рет халыққа есеп бере бастады

663

Имамдар алғаш рет халыққа есеп бере бастады

Пилоттық жобаны алғаш болып Оңтүстік Қазақстан облысының дін қызметкерлері жүзеге асырды. Өңірдің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек бір айға жуық уақыт аралығында қала, аудан тұрғындарымен кездесіп, олардың сан түрлі сауалына жауап берді, деп хабарлайды inform.kz.

Облыстың 9 қаласы мен ауданын аралап шыққан дін қызметкері халықтың көкейінде жүрген бірқатар проблемамен танысқан. Бұл туралы бас имам дін саласы өкілдерінің басын қосқан алқалы жиында сөз етті.

Ахметжан қажы Керімбек өзі есеп беріп болған соң, осындай шараларды қала, аудан имамдары да өткізетінін мәлімдеді. Жыл соңына дейін ауыл имамдарының есебін тыңдау жоспарланып қойған. Осылайша діни көзқарас мәселелерін халықпен бірлесіп шешуге тырысады.

Айта кетейік, ілкі жобаны қолдаған ҚМДБ енді барлық өңірде имамдардың есеп беруін енгізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу