Имамдарға тегін баспана берілетін болды

1010

 Имамдарға тегін баспана берілетін болды

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының баспанаға зәру имамдары мен қызметкерлеріне жаңа үлгімен салынған үйлер тегін беріледі, деп хабарлайды

Президент Шавкат Мирзияев 16 сәуірде "Діни-ағарту қызметін түбегейлі жетілдіру жөніндегі шаралар" қаулысына қол қойды.

Құжатқа сәйкес, мұсылмандар діни басқармасында "Вакф" қайырымдылық қоғамдық қоры құрылады. Соның есебінен басқарма қызметкерлері мен имамдарға айлық төленеді.

Бұған қоса, жұмысын жақсы атқарған және баспанаға зәру имамдар мемлекеттен жаңа үлгімен салынған үйлерді тегін алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу