Бұл туралы Asar-Ume қоры өзінің Іnstagram әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қазақстандық жалғыз Грэмми иегері, солтүстікқазақстандық қарапайым жігіт Иманбек Зейкенов Asar Nauryz акциясына қатысып, қорымызға алтын дискіні сыйға тартты", - делінген жазбада.
Қасиетті Рамазан айында аталған қор еліміздің әр өңіріндегі қиын жағдайға тап болған 100 отбасын баспанамен қамту жобасын қолға алды.
"Asar-Ume қоры 100 отбасы және 500 бала жобасын іске қосады. Бұл қайырымдылық шарасына бәріңізді үлес қосуға шақырамын. Сіз бен біздің арқамызда 500 бала өз үйінде тұратын болады", - деді Иманбек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу