Қазақстандық диджей әрі продюсер Imanbek трассада бұзылып қалған таксидің жолаушыларына қол ұшын созды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
Оның айтуынша, олар таксимен Ақсу қаласына жол тартқан, алайда жол үстінде көлік істен шығып, жолаушылар трасса бойында қалып қойған. Сол сәтте олар өтіп бара жатқан көліктерден көмек сұрауға мәжбүр болған.
– Бізге көмектесу үшін Иманбектің өзі тоқтады. Мұны Жаңа жылдың алғашқы күніндегі жақсы нышан деп қабылдадым, – дейді видео авторы.
Желі қолданушылары бұл әрекетті жылы қабылдап, танымал өнер иесінің қарапайымдылығы мен адамгершілігін атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу