Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі міндетін Нұржан Каджиақбаров атқаруда, деп хабарлады inbusiness.kz.
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, Иманғали Тасмағамбетов өз қалауымен жұмыстан шықты.
"Менің түсінгенім бойынша ол СІМ жүйесінде қалмайды",– деді министр.
Қазір Иманғали Тасмағамбетовтың міндетін басқа адам атқаруда.
"Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісінің міндетін елшіліктегі екінші адам Нұржан Каджиақбаров атқаруда. Мен кеше арнайы бұйрыққа қол қойдым. Ол жаңа елші тағайындалғанша және ол Ресей президентіне сенім грамотасын табыс еткенше міндетін атқарады",– деді Мұхтар Тілеуберді.
Дана Карина