Кездесуге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Бас хатшысы Сергей Лебедев, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, Беларусь пен Ресей одақтас мемлекетінің Мемлекеттік хатшысы Дмитрий Мезенцев қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰҚШҰ сайтына сілтеме жасап.
Тараптар осы бірлестіктердің 2022 жылғы қызметінің қорытындыларын және алдағы кезеңге арналған ынтымақтастық бағытының перспективаларын талқылады.
Өзекті халықаралық және өңірлік тақырыптар бойынша пікір алмасты. Еуразиялық өңірдегі интеграциялық процестерді ұштастыру, қиылысатын және бірін-бірі толықтыратын құзыреттер салаларында неғұрлым тығыз ұйымаралық байланыстарды жолға қою мәселелеріне ерекше назар аударылды.