Иманғали Тасмағамбетов Талхиз қалашығын сақтау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

1198

Иманғали Тасмағамбетов Талхиз қалашығын сақтау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алматы облысындағы "Талхиз" орта ғасырлық қалашығының сақталуы мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді. 

Кеңес барысында вице-премьер Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөніндегі Конвенцияны ратификациялау осы мұраны қорғау, сақтау, қайта қалпына келтіру және насихаттау үшін құқықтық, ғылыми, техникалық, әкімшілік және қаржылық шараларды қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жауапкершілік пен міндеттемелерді жүктейтінін айтты. Алайда, Талхиз қалашығы жағдайында жоғарыда аталған миссияны орындауда мемлекеттік органдардың алдын ала келісілмеген іс-қимылы нысанды әлемдік мұра тізімінен алып тастауға себеп болмақ.  

"Бұл орайда, тарихи нысанның ЮНЕСКО-ның Әлемдік мәдени мұра тізімінде қалуы және терең археологиялық зерттеуге берік негіз қалыптастыру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Сондықтан, алдағы тәжірибелік іс-қимылдарды орындауда нақты нәтижелерді білу үшін ғылыми-барлау зерттеулерден тұратын кешенді шараларды жүзеге асыруымыз қажет", – деді Иманғали Тасмағамбетов. 

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарымен келесі шешімдер қабылданып, нақты тапсырмалар берілді

Айта кетейік, алдағы айда Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов орын алған жағдайды шешу мақсатында Қазақстанның мемлекеттік органдары тарапынан тиісті шаралар жүргізіліп жатқандығы жөнінде ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Боковамен келіссөздер жүргізеді.  

Еске сала кетейік, Талхиз қалашығы қазіргі Қазақстан, Қырғызстан және Қытай аумағында орналасқан Ұлы жібек жолы бойындағы орта ғасырлық 33 қалашықтың бірі саналады. 2014 жылы Талхиз ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу