Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды",– делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Иманғали Тасмағамбетов 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі қызметіне тағайындалған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу