Иманғали Тасмағамбетовтың анасы өмірден озды

1868

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің ұжымы қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Иманғали Тасмағамбетовтың анасы өмірден озды

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің барша ұжымы Иманғали Нұрғалиұлының анасы, атақты қазақ педагогы, жазушысы – Ділдә Матайқызының өмірден озуына көңіл айтты.

"Ділда апа үлкен жүректі, кең парасатты, ұлтжанды, ақ жарқын жан болатын. Ол өзінің адамгершілігі мен қарпайым мінезі, зор шығармашылық ой-өрісі мен қайраткерлігінің арқасында көпшіліктің көңілінен шығып, ел-жұртының үлкен ілтипатына бөленді. Оның өмір жолы мен шығармашылық еңбегі бүгінгі және келешек жастар үшін өнегелі де өрісті жол. Біз Ділдә Матайқызын әрқашан жоғары иманды, мәдениетті, қол ұшын созуға дайын және адамгершілігі зор адам ретінде есте сақтаймыз",– деп, қайғыға ортақтығын білдіріп, көңіл айтқан елшілік ұжымы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу