IMEI-кодты тіркемегендер 2019 жылы ұялы байланыссыз қалады

1069

IMEI-кодты тіркемегендер 2019 жылы ұялы байланыссыз қалады

2019 жылдан бастап IMEI-кодын тіркемеген абоненттерге ұялы байланыс қызметі көрсетілмейді. Ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелері жайында Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің қызметкері Данияр Құсаманов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғалған телефондарды іздеу жұмыстарын жеңілдету, сонымен қатар қылмыстарды тергеуге көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың соңын дейін Қазақстан тұрғындары өздерінің ұялы құрылғыларына ЖСН-іне тіркеуі қажет. 2019 жылдан бастап тіркелмеген гаджеттерге ұялы байланыс қызметін көрсету доғарылады.

Полиция капитаны Данияр Құсамановтың айтуынша, "Экстремизм мен терроизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңында телефондардың сәйкестендіру кодтарын міндетті тіркеу көзделген. Тәжірибе құрылғы сәйкестендіргіші иесін анықтауға мүмкіндік бермейтіндігін көрсетіп отыр. Осыған байланысты ұялы телефондардың IMEI-кодын тіркеу қажеттігі туындап отыр.

Телефонның IMEI-кодын тіркеу үшін ұялы байланыс операторының абоненттік бөліміне бару міндетті емес. Оны қызмет көрсетудің автоматты жүйесі арқылы да жүзеге асыруға болады. Ұялы байланыс қызметін көрсететін оператор кеңсесіне жүгінген кезде ЖСН (жеке тұлғалар) немесе БСН (заңды тұлғалар), ұялы байланыс абоненттік құрылғысының сәйкестендіру нөмірін және абоненттік нөмірді ұсыну қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу