IMEI-кодты тіркеуге байланысты смартфондар қымбаттауы мүмкін

1665

IMEI-кодты тіркеуге байланысты смартфондар қымбаттауы мүмкін

IMEI-кодты тіркеу ережесі енгізілгеннен кейін қара нарықта ұялы телефондардың бағасы көтеріліп кетуі мүмкін. Ұялы  байланыс операторлары осыған қатысты өз пікірлерін білдірді, деп жазады LS

Нарықтағы кәсіби ойыншылардың мәлімдеуінше,  жылжымалы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу ережесі әлі әзірленген де жоқ. Сондықтан заң жобасының қалай әрекет ететіні және оның телефон нарығына қалай әсер ететіні әзірше белгісіз. Kcell, Tele2 және Altel компаниялары болса, бірлі-екілі саудалаушылардағы смартфондар құны   ресми дүкендердегі деңгейге жетеді деп санайды.

"Адал сатушылар  жеткізушілермен тікелей жұмыс істейді, сондықтан олардың бағасы өзгеруі неғайбыл. Ал қара нарықтағы құны "ресми" бағаға дейін өсуі мүмкін. Алайда бәрі де ереженің бағаның түзілуіне қалай әсер ететіндігіне байланысты", – деп түсіндірді Tele2 және Altel компанияларының баспасөз қызметі.

Дей тұрғанмен бұған дейін сатып алынған және шетелден әкелінген телефондарды есепке қою мәселесі түсініксіздеу. Олардың тіркеу тәртібі әзірленетін ережеде қарастырылуға тиіс, деп санайды Kcell.  Tele2 және Altel болса операторлар IMEI-код бойынша мобильдік құрылғыларды тексеру жағын қиындатпай, оны өздерінің сайтында қарастырса да болады деген пікір айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу