ІІМ армениялық көліктерден құтылу жолдарын атады

3454

3 жылда Қазақстанға 200 мың шетелдік көлік кірген.

ІІМ армениялық көліктерден құтылу жолдарын атады

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Армения мен Қырғызстаннан әкелінген проблемалық көліктерден қалай құтылуға болатынын айтты. Министрлік өкілі бұл әрекеттер көлік сатып әкелуге кеткен шығынды толықтай ақтамаса да, бір бөлігін өндіруге мүмкіндік береді деген пікірде.

"Енді не істеу керек дегенге келсек, тым болмағанда шығынның бір бөлігін өндіріп алудың түрлі жолы бар. Ондай көліктерге техникалық регламент рұқсат беретін елдерге өткізуге болады. Автомашинаны қосалқы бөлшек түрінде сатуға болады. Көлік әкелінген елге қайта апарып, оның сапасы мен кедендік төлемдері туралы жалған ақпарат айтқан, сол арқылы жаңылдырып сатқан адамға қарсы сот шағымын түсіруге болады. Бұл жерде жағдай әр түрлі. Әр жағдайды жеке талдап, адамдарға соған сәйкес әрекет алгоритмін ұсынып жатырмыз", – деді министрдің орынбасары.

Марат Қожаевтың айтуынша, кейінгі 3 жылда ел аумағына сырттан 200 мыңнан астам көлік кіріпті. Оның 40 мыңы барлық кедендік талаптарды сақтай отырып енгізілгендіктен, иелері еркін айдап жүрген көрінеді. 200 мың көліктің ішінде Қазақстан арқылы транзиттік сапармен өткен және шетелдік кәсіпорындардың иелігіне уақытша тіркелген техникалар да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу