Император тақтан түсетін болды

718

 Император тақтан түсетін болды

Жапонияның соңғы 200 жылдық тарихында алғаш рет император өз еркімен тақтан түсетін болды. Мұндай өтінішін 83 жастағы Акихито өткен жылы білдірген екен. КСМ: Ал ел парламенті сол кезден бастап арнайы заң жобасын дайындап, тақты мұрагерге тапсыруға рұқсат берді. Мұндай қадамға Акихито император денсаулығына байланысты барған екен. Соңғы бірнеше жылда оның жүрегіне 5 мәрте операция жасалыпты. Енді императордың тақтан түсу мерзімін ел билігі белгілейді. Оның орнына 57 жастағы ұлы, Нарухито ханзада отырмақ.

Коити Хагиуда, Жапония үкіметі бас хатшысының орынбасары: Жаңа заңға сәйкес, император 3 жылдың ішінде тақтан түседі. Біз, әрине бұл рәсімді кешіктірмей өткізуге тырысамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу