Импорт бойынша кедендік баж бен салық түсімінің өсімі 40% құрады

801

Былтыр Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялады. 

Импорт бойынша кедендік баж бен салық түсімінің өсімі 40% құрады

Құжат біздің елді Еуразиялық экономикалық комиссияның тері бұйымдарын, аяқ киім тауарларын, иіссуларды, шиналар мен резеңке тыстарды таңбалау жөніндегі негізгі шешіміне қосты. Осыған орай елімізде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы айқындалды. Бұл туралы үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

Оның сөзінше, ел аумағында 2019 жылғы 1 наурыздан табиғи теріден жасалған бұйымдарды, 2020 жылғы 1 қазаннан темекі өнімдерін міндетті түрде таңбалау тәртібі енгізілген. 

"Тері бұйымдарын таңбалау салық заңнамасын бұзатындарды, яғни жеңілдетілген салық салу үшін арнайы салық режимі бойынша шекті межелік мәнді қолдану мақсатында кірісі төмендетілген салық төлеушілерді анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, патент негізінде осы қызмет саласындағы субъектілер саны 13 есе қысқарды. 2018 жылы тауарларға декларация ресімдеген импорттаушылардың саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 30%-ға өсті, ал олардан импорт бойынша кедендік баж бен салық түсімінің өсімі 40% құрады. Осы қызмет бойынша ішкі салық  түсімінің өсімі 1,5 есе артты", – деді ол.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу