Импорт көлемі жыл сайын 220 млрд теңгені құрайтын тауарлар тізімі жарияланды

864

Министр азық-түлік тауарларының қай түрін өндіруге басымдық берілмейтінін айтты.

Импорт көлемі жыл сайын 220 млрд теңгені құрайтын тауарлар тізімі жарияланды Фото: primeminister.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақты түрде мониторинг жасалатын азық-түлік тауарларының 29 түрін шарты түрде 3 топқа бөліп қарастырады. 

Бірінші топқа тауық жұмыртқасы, күріш, қой еті, картоп, ұн, макарон сияқты 
қамтамасыз етілуі 100 және одан көп пайызды құрайтын азық-түлік тауарлары жатады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәжілістегі үкімет сағатында: "Отандық өндірушілердің өндіріс көлемі жеткілікті болғандықтан, бұл тауарларға басымдық берілмейді", – деді.

Екінші топқа қамтамасыз етілуі 90%-дан асатын қызанақ, қияр, қырыққабат, сәбіз, басты пияз, бұрыш сияқты маусымға тәуелді болатын көкөніс өнімдері сонымен қатар сиыр, шошқа, жылқы еті, қышқыл сүт өнімдері, сары май мен  күнбағыс майы топтастырылған. Осы турасында министр: "Бұл өнімдерді жеткілікті көлемде өндіреміз, дегенмен аз болса да импорттың да үлесі бар", – деді.

Үшінші топқа қамтамасыз етілуі 80%-дан төмен құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік пен сүзбе, балық, алма, қант сияқты өнім түрлері енеді екен. 

"Бұл тауарлық позициялар бойынша импорт жыл сайын 580,7 млн долларды немесе 220 млрд теңгені құрайды. Бұлар экзотикалық тауарлар емес. Өз елімізде өндірілетін және 2024 жылға қарай өз-өзімізді қамтамасыз ету деңгейіне жеткізуге болатын топқа жататын тауарлар", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу