Ал импортта Қытайға жететін ел болмай тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жалпы, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 103 407,2 млн АҚШ долларын құраған. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы таратты.
Сонымен, 9 айдағы экспорт көлемі 57 500,4 млн АҚШ долларын көрсетті.
Экспорт бойынша негізгі 5 серіктес ел:
- Италия (21%);
- Қытай (18,8%);
- Ресей (10,3%);
- Нидерланд (7,6%);
- Түркия (4,8%).
Ал Өзбекстан 4,4 пайызбен 6-орында тұр.
Экспорт құрылымында ең үлкен үлес шикі мұнай және мұнай өнімдері, мыс және мыс қорытпалары, радиоактивті химиялық элементтер, кен мен мыс концентраттары және т.б. тауарларға тиесілі.
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы Қазақстанның импорт көлемі 45 906,8 млн АҚШ долларын құраған.
Импорт бойынша негізгі 5 серіктес елдің көшін Қытай (29,5%)бастаған. Одан кейінгі орындарға Ресей (29,1%) және Германия (4,5%) жайғасқан. Ал АҚШ 3,6 пайызбен төрттікті түйіндесе, Корея Республикасы (3,6%) үздік 5 елдің қатарында бар.
Импорт құрылымында ең үлкен үлес жеңіл автомобильдер, дәрілік заттар, моторлы көлік құралдарына арналған кузовтар, телефон аппараттарына бағытталған.