Импортталатын 1 200-ден астам тауарға талдау жасалды

801

Бұл туралы үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Импортталатын 1 200-ден астам тауарға талдау жасалды

Министрдің мәлімдеуінше, еліміздегі ірі мұнай операторлары бірлескен жол картасын бекітті. Құжатта ұлттық стандарттарды бейімдеу мен тендер рәсімінде отандық өндірушілерді қолдау механизмінің ірі операторын енгізу қарастырылған. 

"2025 жылға дейін жергілікті қамтуды ұлғайту және мұнай-газ жабдықтарының 5 өндірісін оқшаулау шарасы қолға алынады", – деді Бейбіт Атамқұлов. 

Оның сөзінше, бұған дейін импортталатын 1 мыңнан астам тауарға талдау жасалды. 

"Бүгінде мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығының жұмысы басталды. Аталған орталық ірі операторлармен бірлесіп, технологияларды оқшаулауға және трансферттеуге кірісті. Елімізге импортталатын 1 200-ден астам тауарға талдау жүргізілді. Оқшаулау үшін тиек арматурасы, электр техникалық жабдықтар және бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика сияқты 3 тауар тобы іріктелді. Сондай-ақ орталыққа жыл соңына дейін инвестициялық жобалар мен өндірістерді оқшаулау бойынша ұсыныс жасау мен отандық өндірушілердің қызметіндегі кедергілерді анықтау міндеттелді", – деді Бейбіт Атамқұлов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу