Импортты алмастыру үшін егіс алқабының құрылымы әртараптандырылады

909

Мамырдың үшінші онкүндігі жаңбырлы болады.

Импортты алмастыру үшін егіс алқабының құрылымы әртараптандырылады

Биыл 22,5 млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылы егіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 238 мың гектарға көп көрсеткіш. 

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың сөзінше, импорттың орнын жоғары рентабельді отандық дақылмен алмастыру үшін егіс алқабының құрылымы әртараптандырылады.

"Биыл майлы дақыл алаңы – 122,2 мың,  көкөніс алаңы – 10 мың, бақша дақылдары – 1,5 мың, картоп – 7,8 мың, азықтық дақылдар – 308,6 мың, қант қызылшасының алаңы – 2,4 мың гектарға ұлғаяды. Дәнді дақыл  алаңы – 14,9 млн гектарды құрайды. Бұл өткен жылғыдан 191,6 мың гектарға кем", – деді министр  үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысы туралы баяндама жасағанда. 

Оның айтуынша, еліміздің барлық аймағында ауыл шаруашылығы дақылын  егу жұмысы жүріп жатыр. 

"Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 9,6 млн гектарға немесе жоспарланған алаңның 65%-на, майлы дақылдар – 2,3 млн гектарға немесе жоспарланған жердің 76%-на, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 400 мың гектарға немесе жоспарланған алқаптың – 85%-на, қант қызылшасы – 20,5 мың гектарға немесе жоспарланған алаңның 93%-на, ал мақта – 118 мың, көпжылдық шөптер – 352 мың гектар жерге егілді", – деді Сапархан Омаров.

Министрдің мәлімдеуінше, еліміздің оңтүстігі мен батысында көктемгі дала жұмыстары аяқталуға жақын. 

"Қазгидрометтің" болжамынша, мамырдың үшінші онкүндігі Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жаңбырлы болады. Осыған байланысты әрбір жаймашуақ күнді барынша тиімді пайдалану және мүмкін болған жағдайда агрегаттардың екі ауысымдық жұмысын ұйымдастыру арқылы өнімділікті арттыру шараларын қабылдау көзделіп отыр", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу