"Импорттық кеден бажы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы бойынша жоспар орындалмаған. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 2022 жылдың 9 айында 632 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29%-ке азаюына байланысты. Шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың орындалмауы нақты қалыптасқан экспорттық кеден бажы мөлшерлемесінің болжамды көрсеткіштен аз болуымен және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының өзгеруімен байланысты", – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі.
Бұл ретте ол мемлекеттік бюджетке 11 трлн 177 млрд теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 104,8%-ке орындалғанын атап өтті.
"Республикалық бюджетке 7,5 трлн теңге шамасында кірістер түсті немесе жоспар 101,9%-ке орындалды. Кірістер бойынша жоспар 143 млрд теңгеге артығымен орындалды, оның ішінде салықтар - 55 млрд теңгеге, салықтық емес кірістер – 89 млрд теңгеге асырылып төленді. Салықтар бойынша негізгі асыра орындау сомасы қосылған құн салығына келеді", – деді Ерұлан Жамаубаев.
Қосылған құн салығы бойынша жоспардың асыра орындалу факторлары:
- биылғы жылдың 9 айындағы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24%-ке ұлғаюы;
- қосылған құн салығы түсімдерінің 44%-ке ұлғаюы;
- үшінші елдерден импорт көлемінің 26%-ке ұлғаюы.