Импорттық тауарлардың бағасы 12,7 пайызға қымбаттады

1637

Импорттық тауарлардың бағасы 12,7 пайызға қымбаттады

Елімізде жыл басынан бері сырттан келетін тауарлар бағасы шамамен 13 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлап отыр. Олардың мәліметінше, сырттан тасымалданатын азық-түліктің ішінде, әсіресе, көкөніс құны шарықтап тұр. Қаңтар мен тамыз аралығында оның нарқы 52 пайызға көтерілген. Шай, құс еті, жеміс-жидек, қант және сүт өнімдерінің бағасы да аспандап кетті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде тоқыма бұйымдары мен аяқ киім кұны шамамен 20 пайызға жоғарлады. Атап айтқанда, көкөніс – 51,4%, шай – 21,4% құс еті – 18,9%, жемістер мен жаңғақтар – 16,1%, қант – 12,2%, балық – 10,8%, сүт өнімдері – 6,7%, тоқыма бұйымдары – 19,9%, аяқ-киім - 19,7%  қымбаттаған.

Кhabar.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу