Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлағандай, биылғы 11 айда барлық шағын салаларда импорт ағымдарының артуы байқалады: киім өндірісінде – 34%-ға, тоқыма өнімдерінде – 13%-ға, былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар сегментінде – 35%-ға.
Бұл ретте импорттың негізгі үлесін әдеттегідей, аяқ киім, ерлер және әйелдер киімі, майкалар, күпәйкелер, саквояждар, шамадандар, әйелдердің шамадан сөмкелері мен шұлық-ұйық бұйымдары құрап отыр.
Егер ерлер мен әйелдер киімдері көбіне Қытай, Түркия, Ресей, Италия елдерінен жеткізілетін болса, аяқ киім мен сырт киім Қытайдан, Ресейден, ал саквояждар, шамадандар мен әйелдердің шағын шамадан сөмкелері Қытай, Ресей, Италия, Франциядан әкелінеді.