Импорттың өсуінен отандық құс етін өндірушілер өнімін азайтуға мәжбүр болды

1449

Алматы облысында тауық етін өндіру көлемі кеміді. Құс еті 3,8 мың тоннаға азайған.

Импорттың өсуінен отандық құс етін өндірушілер өнімін азайтуға мәжбүр болды

Алматы облысында өткен жылы құс етін өндіру 3,8 мың тоннаға дейін азайған. Бұған осы сала бойынша аймақтағы негізгі өндіріс көзі – "Сарыбұлақ" құс фабрикасының өнім көлемін төмендетуінен болды, деп хабарлайды abctv.kz.

Іле ауданындағы "Сарыбұлақ" құс фабрикасы – облыс нарығын ғана емес, Алматы қаласын да құс еті мен жұмыртқа түрлерімен қамтып отырған бірегей өндіріс. Кәсіпорын 600 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнда жылына 220 мың дана жұмыртқа, 20 мың тоннаға дейін құс еті дайындалады.

Ал өндірістегі тауық етін дайындаудың төмендеу себебін облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов сырт елден келетін тауық өнімдерінің мөлшерден тыс көбеюімен түсіндіреді.

"Нарықта құс еті толып тұр. Әсіресе, шетелдік арзан тауық етінің елімізге көптеп келуі байқалды. Сұраныс төмендеуіне байланысты облыстағы құс фабрикасы өнімді азайтуға мәжбүр болған. Қазір отандық нарықты қорғау шаралары қолға алынуда" – деді облыс әкімінің орынбасары.

Дерек бойынша, Қазақстанға "тауық сирағын" экспорттауда Америка топ жарып тұр. Нарықтағы АҚШ тауық өнімдерінің үлесі 70 пайызға дейін жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу