Импорттың үлесі басым тауарлардың 250-і бойынша жұмыс жүргізіледі

841

Алдағы үш жылда сол тауарлар бойынша импорт үлесін 50%-ға дейін қысқарту көзделуде.

Импорттың үлесі басым тауарлардың 250-і бойынша жұмыс жүргізіледі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстанда "қарапайым заттар экономикасын" дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Елбасы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауында халық тұтынатын тауарлардың ауқымды номенклатурасын игеріп, "қарапайым заттар экономикасын" дамыту үшін кәсіпорындарымызға көмектесу туралы тапсырма берді. Бұл экспорттық әлеуетімізді жүзеге асыру тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру үшін де маңызды. Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатымен алдағы 3 жылда қосымша 500 млрд теңге бөлу тапсырылды.

"Біз жетекшілік ететін облыстар бойынша қазақстандықтар күнделікті пайдаланатын осындай 250 тауар атауын анықтадық, олардың импорты бүгінде 80%-дан асады. Алдағы үш жылда аталған тауарлар бойынша импорт үлесін 50%-ға дейін қысқартуды көздеп отырмыз",– деді Жеңіс Қасымбек.

Әсіресе жеңіл өнеркәсіптің дамуы ынталандырылады, бұл: мата шығару, киім мен аяқ-киім тігу, тыңайтқыштар, лак және бояу өнімдері, терезелер мен есіктер, жиһаз шығару және т.б.

Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек баспасөз жиыны аясында геология және жер қойнауын пайдалану салаларын дамыту туралы сөз қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу