Индер ауданында судың деңгейі тағы да көтерілді

1071

Тасыған су қауіпті деңгейден +55 сантиметрге асты.

Индер ауданында судың деңгейі тағы да көтерілді Фото: Рахим Қойлыбаев

Атырау облысының Индер ауданында Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы да көтерілді. Бүгін кешкі сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 900 сантиметрге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі. 

Облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, су қауіпті деңгейден +55 сантиметрге асқан.

"Жайық өзені Индер ауданының орталығы – Индербор кентінің тұсында таңертеңігі сағат 08:00-ден бері +16 сантиметрге көбейді. Қазіргі су деңгейі – 900 см. Қауіпті деңгейден +55 сантиметрге асты", - деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

Су деңгейі Махамбет ауданында +7 сантиметрге ұлғайып, 868 сантиметрге жеткен. Бұл ауданда өзен арнасы қауіпті деңгейден +18 сантиметрге асып тұр. Ал, Атырау қаласының тұсында Жайық деңгейі 501 сантиметр құрады. Шаһарға жақын орналасқан Жаңаталап елді мекенінде 360, Еркінқала ауылының тұсында 320 см болды.

Еске сала кетелік, бүгін таңертең Жайық өзенінің деңгейі Индерде – 884, Махамбет ауданында 861 сантиметр болған еді. Сондай-ақ Индер ауданындағы он бес эвакуация пунктінде 1 600 орын барын хабарлаған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу