Индерборға баратын 7 шақырым жол жабылады

332

Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілген.

Индерборға баратын 7 шақырым жол жабылады Фото: Индер ауданының әкімдігі

Атырау-Орал трассасынан Индерборға баратын 7 шақырым жол жабылады. Бүгін кірмежолды уақытша жабу туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі

Бұл туралы Индер ауданы әкімдігінің мәлім етті.

"Атырау-Орал тасжолынан Индербор кентіне дейінгі 7 шақырымдық жолды су басу қаупі туындады. Осыған орай кірме жол жабылады", - деп хабарлады аудандық әкімдіктен.

Атырау облысының жедел штабының мәліметіне сүйенсек, бүгін, 10 мамырда Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілген. Мәселен, түсқайта сағат 16:00-де Индербор кентінің тұсындағы су деңгейі 1019 сантиметр болған. Бұл қауіпті шектен 174 сантиметрге көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу