Індет белгілері бар адамдар ғана тест тапсырады

784

17 маусымда шамамен 170 мың тест таптырылған.

Індет белгілері бар адамдар ғана тест тапсырады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті. 

"Үш айдан бері дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Соңғы үш күнде күн сайын орта есеппен 150-ден астам коронавирус жұқтырғандар тіркелуде. Олардың 50%-ы індеттің белгілері жоқ түрімен ауыратындар. 17 маусымда шамамен 170 мың тест өткізілді. Қазір 40 мыңнан астам тест қолжетімді. ПТР тесттер мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алудамыз. Тесттер тек ауру белгілері бар және жақын байланыста болған адамдарға қажет. Тесттердің жетіспеушілігіне жол бермеу үшін барлығына тест тапсырудың қажеті жоқ", – деген басқарма басшысы санитарлық талаптарды мұқият сақтауға шақырды. 

"Отбасында дүрбелең тудырып, зертханалық қызметке ауыртпалық түсірмей, еш себепсіз тест тапсырудың қажеті жоқ. Тек дәрігерлер айтқан санитарлық ұсынысты мұқият сақтау керек", – деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу