Індет өршісе, блок бекеттер қайта қойылады

1756

Блок бекеттер белгілі бір кезеңде індеттің таралуына шектеу қою тәсілі болды.   

Індет өршісе, блок бекеттер қайта қойылады

Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов елдегі эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап кетсе, блок бекеттердің қайта қойылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Блок бекеттер алынды, тіршілік жалғасуда. Алайда коронавирустық инфекция жағдайында өмір сүріп үйренуіміз керек. Шектеу шараларына көбірек көңіл бөлінетін болады. Блок бекеттердің алынуы көптеген отбасының қайта қауышуына мүмкіндік берді. Өйткені төтенше жағдай кезінде әртүрлі себептермен басқа өңірлерде қалып қойған азаматтар бар. Санитарлық шаралардың жеңілдегеніне біреулер қуанса, енді біреулері қарсылық білдіріп жатыр. Блок бекеттер белгілі бір кезеңде індеттің таралуына шектеу қою тәсілі болды. Олар өз міндетін атқарды. Алайда коронавирустық ахуал күрт нашарлап кетсе, қайта қойылуы ықтимал. Бүгінгі күні облыс аралық блок бекеттер алынғанымен, өңірлердегі кейбір бекеттер әлі қалып отыр. Дегенмен қазір шектеудің басқа деңгейіне өттік", – деген Көліктегі бас санитарлық дәрігер әрдайым бетперде кию, антисептик пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтап жүру керектігін еске салды.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу