Індет жұқтырған алматылықтардың 82%-ы екпе алмағандар

612

Былтыр 281 оқушы инфекция жұқтырса, биылғы жылдың басынан бері олардың саны 15 039-ға жетті.  

Індет жұқтырған алматылықтардың 82%-ы екпе алмағандар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осындай ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жалпы мегаполисте эпидахуалдың тұрақты. Апта ішінде 936 жаңа жағдай тіркелді, өткен тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны – 128 болды. Жалпы өткен аптада дерт жұқтырғандардың 82%-ы вакцина алмағандар", – деді спикер.

Қазіргі кезде мегаполис тұрғындарының 48%-ы екпе алған.

"Апталық жұқтыру азайды. Күні кеше ғана мегаполис "жасыл" аймаққа өтті. Бірақ 22 қарашаға дейін "сары" аймақ талаптарын сақтау қажет", – деді Жандарбек Бекшин.

Алматының бас санитар дәрігерінің айтуынша, оптимистік көрсеткіштерге қарамастан, ковид балалар үшін қауіпті.

"Қаланың инфекциялық стационарларында 673 адам, оның ішінде 17 бала бар. Сондықтан 12 жастан асқан жасөспірімдерді белсенді вакциналау өте маңызды. Жаңа "дельта" нұсқа балалар үшін өте қауіпті әрі тез жұғады, егер өткен жылы 281 оқушы жұқтырса, осы жылдың басынан бері жұқтырғандар саны 15 039", – деді Алматы СЭБД басшысы.

Эпидемиологтар вакциналанбаған алматылықтардың жастарына талдау жүргізген. Атап айтқанда, 20-дан 39-ға дейін – 29%, шамамен 40-тан 59-ға дейін – 27%, 60 және одан жоғары – 26%.

"Жұқтырғандардың ішінде ең көп бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар – 28%, зейнеткерлер – 25%, түрлі ұйымдар, ЖШС, ЖК қызметкерлері – 21%. Бір апта ішінде жұқтырғандардың жалпы санынан жасөспірімдер 5,3%-ды, 14 жасқа дейінгі балалар – 13,3%-ды, оның ішінде 1 жасқа дейін – 2,2%-ды құрады", – деп түйіндеді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу