Індет жұқтырғандардан жазылғандар саны артып келеді

730

Өткен тәулікте елімізде 1 828 адамнан коронавирус анықталып, 3 307 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ сайтына сілтеме жасап.

Індет жұқтырғандардан жазылғандар саны артып келеді

Осылайша індет жұқтырғандардың жалпы саны 896 162 жетіп, ал жазылғандар саны 835 805 адам болды.

6 Қазандағы мәлімет бойынша бүгінде Қазақстанда 56 708 адам ковидтен емделіп жатыр (48 968 КВИ+ және 7 740 КВИ-). Олардың 9 551-і стационарда, 47 157 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 748 адамның жағдайы ауыр, 202 пациенттің жағдайы өте ауыр, 125 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр", ­­– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу