Індет жұқтырғандардың 80%-ы тексеріс барысында анықталған

789

Осы уақытқа дейін елімізде 559 мың тест жүргізілді.

Індет жұқтырғандардың 80%-ы тексеріс барысында анықталған

Елімізде соңғы аптада коронавирустық инфекция жұқтырғандардың 80%-ы скрининг арқылы анықталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. 

"Бүгінгі күні Қазақсанда 6969 жағдай тіркелді. 3649 адам жазылып шықты. Бұл ауырғандардың 50%-ы. Соңғы тәулікте елімізде 218 жаңа жағдай тіркелді. Індеттің таралуы 3%-ды құрайды.Оның ішінде 25-і байланыста болғандар, 28-і скрининг арқылы анықталғандар, 21-і ауруханаға жүгінген, 17-і сырттан келгендер. Осы уақытқа дейін елімізде 559 мың тест жүргізілді. Мұндай скринингтік шаралар санын күніне 6 мыңнан 23 мың тестке дейін көбейттік. Сәуір-мамыр айларында індет жұқтырғандардың 66%-ы, ал соңғы аптадағы науқастардың 80%-ы скрининг арқылы анықталды", – деді Айжан Есмағамбетова. 

Құралай Құдайберген

Фото: orken-media.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу