Індеттен қайтыс болған медицина мамандарының отбасыларына өтемақы төленеді

656

COVID-19 жұқтырған 8 мыңнан аса медицина қызметкері өтемақы алды.  

Індеттен қайтыс болған медицина мамандарының отбасыларына өтемақы төленеді

Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті.

"Елімізде карантин жарияланған сәттен бері 12 983 денсаулық сақтау қызметкері коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде өңірлік комиссиялар кәсіби қызметін атқару барысында COVID-19-ға және өкпе қабынуына шалдығуға қатысты өтінімдердің 72%-ын растады. 21 қазандағы жағдайға сәйкес, кәсіби қызметін атқару барысында COVID-19-ға шалдыққан 8 863 медицина қызметкері өтемақы алды. Бұл нақтыланған 9 309 өтінімнің 95%-ын құрайды", – деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.

Бұған қоса ол індеттен қаза тапқан медицина қызметкерлерінің барлығының отбасыларына өтемақы төленетінін мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы коронавирустық инфекциядан қайтыс болған медицина мамандарының барлығының отбасыларына өтемақы төлеу туралы тапсырма берді. Бұл эпидемияға қарсы шараларға қатысып, қатыспағанына қарамастан жүзеге асырылады. 10 қазаннан бастап бұйрыққа өзгерістер енгізілді", – деді Марат Шоранов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу